- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысында үш...
Атырау облысында үш ауданның тұрғындары екі күн бойы сусыз қалған
Атырау облысында үш ауданның тұрғындары екі күн бойы сусыз қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.
Ауызсудың зардабын тартқан Құрманғазы, Индер, Махамбет аудандары тұрғындары 40 градус ыстықта суға жарымай, қиындық көрген.
Құрманғазы ауданы Нұржау ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылы тұрғындары екі күн бойы сусыз қалған. Бұрын таңертең сағат 08.00-09.00, кешке 18.00-19.00 аралығында ғана су беріліп тұрған. Сол сағаттарда ауыл тұрғындары бос ыдыстардың бәріне су толтырып алып, қиындықтан шығып жүрген.
"Ыстық болса мынау, ал су жоқ. Сағаттап беруге мүлдем келіспеймін, судың ортасында отырып, жарымай отырғанымызды түсінуден қалдым. Бұрын азын-аулақ бақша салатынбыз, биыл ол мүмкіндіктен айрылып отырмыз. Бұл қашанға дейін жалғасады?" - дейді зейнеткер Бекболат Хайруллин.
Мәселеге жауаптылар пікір білдірді.
"17 маусымда кештен бастап Нұржау округіне қарасты Жамбыл, Бірлік округіндегі Бірлік, Амангелді ауылдарында су жүрмей қалды", - деді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шынболат Мусин.
Ведомство өкілі 19 маусымнан бәрі қалыпты жұмыс істеп тұрғанын жеткізді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова