Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ТЖ кезінде өңірде 1846 сәби дүниеге келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Оның 961-і ұл, 885-і қыз бала.
"Атырау қаласының бір отбасы 29 сәуірде дүниеге келген тұңғыш ұлының есімін Тасқын-би қойса, осы күні Индер аудандык АХАТ бөлімінде де Тасқынбек есімді ұл баланың есімі тіркелген. Бұл - олардың отбасындағы сегізінші баласы",- деді Атырау облыстық азаматтық хал актілерді тіркеу басқармасының басшысы Алмагүл Төремұратова.
Кейінгі статистикалық мәліметке сүйенсек, Атырау қаласында ер балаларға көп қойылған есім – Мұхаммад. Бұл есіммен 32 ұл баланы атаған. Ал, қыздарға ең көп қойылған есім – Айша. Айша есімін иеленген 33 атыраулық қыз бар. Одан кейін қыз балаларға Медина есімі – 31, Асылым – 29, Сафия – 27, ұлдарға Хамза – 19, Айсұлтан есімі 15 рет қойылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!