Атырау облысында тағы балық қырылып жатыр. Былтырғы тасқыннан қалып қойған көлшіктерде балық көбейіп, күн жылынғалы сол қырылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Тасжолдардың жиегінде қалған суда да шабақ өте көп. Жергілікті әкімдік пен Балық шаруашылығы инспекциясы балықтарды құтқару жұмыстарын былтырдан бері тоқтатпаған.
Тірісін Жайыққа жіберіп, қырылғанын арнайы орындарда жойып жатыр.
"Жыл басынан бері көлшіктер мен тоғандардан 9 миллионнан аса шабақ құтқарылды", - дейді жауаптылар.
Еске салайық, бұған дейін де Атырау облысында балық қырылып жатқаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!