- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысында суға...
Атырау облысында суға батқан әкімнің денесі табылды
Бүгін кешке Жайық өзенінен Махамбет ауданы әкімінің денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Құзырлы органдар осы дерек бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Ринат Жанқылыш 2021 жылғы ақпанда Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалған болатын.
"Ринат Бауыржанұлы өз ісінің кәсіби маманы ретінде әріптестерінің есінде қалады. Атырау облысының әкімі, барша әріптестер Ринат Бауыржанұлының мезгілсіз дүниеден өтуіне орай марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында Махамбет ауданының әкімі Ринат Жанқылыш суға батып кеткені хабарланған болатын. Кейінірек іздеу жұмыстарына екі сүңгуір бригада, екі катер және бір мотор қайығы жұмылдырылғаны белгілі болды.
Ж. Қадыржанова