Атырау облысында Махамбет пен Сарытоғай арасындағы жол қозғалысы қалыпқа келтірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысында көп мөлшерде келіп жатқан судың салдарынан Махамбет және Сарытоғай ауылдарының арасындағы автожол жырылып, жол қозғалысы уақытша тоқтатылған болатын.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жергілікті мемлекеттік органмен бірлесіп, аталмыш жол учаскесін қалыпқа келтіру бойынша жедел жөндеу жұмыстарын жүргізді.
21 мамырда сағат 01:00 шамасында жол ашылып, көліктердің жүруіне рұқсат етілді.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Атырау облысында су шайып кеткен жергілікті жолдарды қалыпқа келтіру бойынша көмек көрсетіп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз