- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысында су...
Атырау облысында су айдау жұмыстары аяқталды
Фото:
видеодан алынған кадр
Атырау облысында су айдау жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
22 мамыр күні Жалғансай ауылының кіреберіс автожолында салынған бөгет бұзылған болатын. Салдарынан су елді мекенге қарай тарады.
Су шайған бөгет толығымен қалпына келтірілді.
Бүгін тасқын суларын айдау бойынша авариялық-құтқару жұмыстары аяқталды, жалпы саны 527 332 текше метр су сорылды.
Ұзындығы 7 шақырым бөгетті нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді. Қазіргі уақытта бөгетті қосымша нығайту бойынша жұмыстар жалғасып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан