- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысында станцияда...
Атырау облысында станцияда мұз пайда болып, су беру тоқтатылды
Атырау облысында станцияда мұз пайда болып, су тоқтап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Атырау облысы Су Арнасы" КМК Атырау қаласы мен қала маңындағы ауылдардың тұрғындарына аяздың басталуына және судың жылдамдығының төмендеуіне байланысты қала мен қала маңындағы ауылдарды сумен қамтамасыз ету көзі болып табылатын Жайық өзенінде мұздың қалыптасқанын хабарлайды. Осы себепті су алатын құрылыстардың сорғы станцияларынан су алынатын жерлерде мұз (шауш) пайда болды. Бұл құбылыс қаланың су қабылдағыш құрылымдарының жұмысын тоқтатты. Қазіргі таңда "Атырау облысы Су Арнасы" КМК қызметкерлері қаладағы су тарту құрылыстарын іске қосу үшін барлық қажетті шараларды жасауда. Мұз кептелісі тазартылғаннан кейін су жүйелі түрде беріледі.
Артынша әкімдік су беру кезең кезеңімен қалпына келтірілетінін хабарлады.
9 желтоқсан күні сағат 23:30-да (жергілікті уақыт бойынша) "Атырау облысы Су Арнасы" КМК Жайық өзенінде қабыршақ мұз пайда болып, өзеннің қозғалыс жылдамдығы төмендеуіне байланысты Атырау қаласының су тазарту қондырғысына су беру тоқтағанын атап өтті.
10 желтоқсан күні таңғы сағат 4:30-да қала желілеріне су берілді (төмен қысымда, төтенше жағдайларды болдырмау үшін). "Атырау-Мақат" магистральдық құбыры бағытында, оның ішінде "Береке" ықшамауданында (тоғыз қабатты үйлер), Көктем, Жұлдыз-3, Теңдік, Ақсай-1, Ақсай-2 ықшамаудандарына техникалық себептерге байланысты су жіберілмеді.
"Атырау облысы Су Арнасы" мекемесіне қарасты су тазарту қондырғысының сорғы стансаларында мұз кептелісін жою және құбырларды тазалау мақсатында облыстық төтенше жағдайлар қызметінің күштері жұмылдырылды. Алайда, төтенше жағдай ережесіне сәйкес, түнгі уақытта тазалау және басқа да жұмыстар жүргізілмейді. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері таңғы сағат 8:00-де тазалау жұмыстарын бастады.
Су құбырындағы ақауларды жою жұмысы жалғасып жатыр. Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен осы деректің мән-жайын анықтайтын арнайы комиссия құрылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина