Атырау облысы Махамбет ауданында халықты толық эвакуациялау басталды, сирена қосылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.
Махамбет ауданы, Жалғансай ауылында түн ортасына жақын тұрғызылған бөгет бұзылды.
"Қазіргі уақытта су басу қаупі бар - ауылдық медициналық пункт. Сағат 01.20-да ескерту сирена қосылды. Ауыл тұрғындарын мектеп ғимаратына, сондай-ақ аудан орталығына эвакуациялау басталды. Жағдайды тұрақтандыру үшін аудан орталығынан қосымша күштер сұралды", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта қауіпті жою үшін 15 бірлік техника мен ҚМ жеке құрамының 50 сарбазы жұмылдырылды. Төтенше жағдай орнында облыс әкімі барды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!