Атырау-Индер тасжолының 178-шақырымы тұсында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты жолдың айналма бөлігінде ішінде 33 бала отырған автобус балшыққа батып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осы уақытта тасжолда қызмет атқарып жүрген Атырау облысы Полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Самат Дәукенов пен Дәурен Жалауов бірден көмекке ұмтылған.
Тәртіп сақшылары жағдайды жедел бағалап, жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер ұйым қызметкерлерін іздестіріп, қажет техниканы ұйымдастырған.
Осылайша автобус арнайы жүк көлігінің көмегімен қауіпсіз жерге шығарылған.
"Алғаш сүйрегенде трос үзіліп кеткеніне қарамастан, полицейлер қосымша құрал-жабдықтарды жеткізіп, автобусты жолдың қауіпсіз бөлігіне шығаруға ықпал етті. Полицейлердің үйлесімді әрі жедел әрекетінің нәтижесінде жолаушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, автобус бағытын әрі қарай жалғастырды", - деді ІІМ өкілдері.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!