Атырау облысында грузиялықтан 90 мың доллар тәркіленді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
2024 жылғы ақпанда "Атырау-Кутаиси" халықаралық әуе рейсі арқылы ұшпақ болған Грузия азаматынан 100 мың доллар (45 млн 7 мың 820 доллар, 1 доллар – 450,08 теңге) анықталды.
Оның қолында 10 мың доллар (4 млн 500 мың 782 теңге) болған, ал жол жүгінде 90 мың доллар (40 млн 507 мың 38 теңге) жасырылған.
Қомақты қаржыны Атырау облысы "Әуежай-Атырау" кеден бекетінің қызметкерлері анықтады. Бақылауды облыстық Шекара қызметі және экономикалық тергеп-тексеру департаменттерінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген.
Шетелдік жауапқа тартылды.
"Сот шешіміне сәйкес, 90 мың доллар мемлекет пайдасына тәркіленді. Қалған 10 мың доллар Грузия азаматына қайтарылды. Сондай-ақ шетелдіктен 40 АЕК (147 мың 680 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл өндірілді. Сот үкімі күшіне енді", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, Президенттің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 "Қазақстанның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес 10 мың доллар асатын қолма-қол шетел валютасын елден әкетуге тыйым салынған.
Аяз Есен