- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысында шетелдік...
Атырау облысында шетелдік жүргізушінің көлігі өртеніп кетті
Атырау облысында шетелдік жүргізушінің көлігі өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Атыраудан Ақтөбеге қатынайтын жолдың Мақат ауданының аумағындағы бөлігінде көлік өртенді. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары өртенген көліктен үш адамды алып шықты. Олар – Өзбекстан Республикасының азаматтары. Құтқарылған шетелдіктер жедел медициналық жәрдем бригадасына берілді", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратында.
Қазір құтқарушылар көлік өртінің шығу себебін анықтауға кірісті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан