Атырау облысында сай бойымен еріген қар суы жүріп, тұрғын үйлерге қауіп төндіріп тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
8 ақпанда сағат 19:47 шамасында Мұқыр ауылының 6 ауылының ішінен өтіп жатырған сай бойымен күннің жылынуынан қардың еруі салдарынан Мұқыр ауылының 6-шы ауылындағы еріген қар суы сайға су толған. Сай бойында 6 су өткізгіш су құбыры салынған. Алайда, қатты қарқынмен жүріп жатқан су құбырларынан өтіп үлгере алмай жол үстімен ағуда. Қазіргі таңда, үйлер мен қора жайларды судан аман сақтап қалу мақсатында, Мұқыр ауылдық округі әкімі аппараты іске кірісіп, 2 погрузчик, 1 Гидромек трактор, 1 КАМАЗ, 15 адам жұмылдырылды. Дәл қазіргі уақытта үйлерге су кіру қаупі жоқ.
Сағыз ауылдық округіне қарасты Кенбай елді мекеніне арасынан өтіп жатырған сай бойымен еріген қар су жүріп, 2 тұрғын үйге қауіп төндіріп, "Қайнармұнайгаз" басқармасынан 1 погрузчик жіберіліп, түнгі 04:30 да қауіпті аумақта тұрғын үйдің айналасына дамбы соғылды.
2024 жылдың 9 ақпан күні Ноғайты өзені еріген қар суы келіп бастады. Ноғайты өзенінің арнасының тереңдегі шамамен 3,0 метр, су деңгейі өзен арнасының табанынан 1,0 метрде ағып жатыр.
Сонымен қатар, Сағыз ауылында еріген қар сулары кіру қауыпы бар үйлердің айналасында, суды сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта 1 погрузчик, 1 гидромик, 2 Камаз ваккум, 60 адам жұмылдырылды.
Миялы ауылында көшелерде қар шығару және су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, су сору мотопомпалар қсымша қойылуда. 2 погрузчик, 1 гидромик, 2 ваккум, 2 автогрейдер, 3 камаз (самаосовал). Қазіргі уақытта 5 мотопомпа қойылды. 20 адам жұмылдырылды. Қосымша 7 мотопомпа дайын тұр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз