Атырау облысында жарты тоннаға жуық бекіре тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облысы аумағында 1 сәуірден бастап "Бекіре" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Өңір полициясы балықтың заңсыз айналымына қатысты алты құқықбұзушылықты анықтады. Төрт дерек бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Жеті су қайығы, сегіз автокөлік, сонымен қатар, 435 келі бекіре және 2 келі 500 грамм болатын бекіре балығының уылдырығы тәркіленіп, "Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытына" тапсырылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз