- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысында полицей...
Атырау облысында полицей формасын киген мас ер адам видеоға түсіп қалған
Фото:
видео кадры
Әлеуметтік желілерде полиция формасы сыртынан күртеше киген мас ер адамның видеосы тарады, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".
Кадрлардан қирап, бір дөңгелегі ұшып кеткен көлікті көруге болады. Автор "мас ер адам полиция формасында жүргенін" айтады.
Кейін ол шынымен де полицей екені белгілі болған.
Басылым мәліметінше, видео Жылыой ауданында тасжол бойында түсірлген. Полиция формасын киген ер адам Жаңа Қаратон ауылына қарасты учаскелік полиция инспекторы болып шықты.
Атырау облыстық ПД мәліметінше, осы факт бойынша қызметкер полициядан теріс себептерге байланысты босатылған. Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметінің Жылыой аудандық бөлімінің басшысы да қызметінен кеткен.
Д. Шәріпхан