Дәрігерлер өзін өртеп жіберген 62 жастағы ер адамның жағдайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап
62 жастағы ер адам 13 қаңтарда өзін өртеп жіберген.
"Ер адам Доссор кентіндегі Аймағамбетов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінің жанында өзін өртеп жіберді. Денесінің 70 пайызын күйік шалды. Ол Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді", - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
БАҚ мәліметінше, ер адам отбасылық жанжалдан кейін өзін өртеп жіберген.
Сонымен қатар, бүгін, 15 қаңтарда Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы жәбірленушінің жағдайы туралы айтты.
"Жағдайы ауыр. Ер адам жансақтау бөлімінде жатыр", - дейді ведомство өкілдері.
Еске салайық, 14 қаңтарда Атырау облысында ер адам өзін-өзі өртеп жібергені туралы хабар тарады. Оқиға 13 қаңтар күні сағат 16:45 шамасында болған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!