Атырау облысында 10-сынып оқушысы өлі табылды. Өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Доссор кентінде болған.
"Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді полиция редакцияға берген жауабында.
Қазір соталды тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
БАҚ мәліметінше, оқушының мәйіті өз үйінен табылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова