- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысында мерзімді...
Атырау облысында мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза болды
Фото:
Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Атырау облысында Шекара қызметінің әскери қызметшісі қаза болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады.
С. Бөлек"2022 жылғы 17 тамызда Атырау облысында Мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде қызметін өткеріп жүрген Шекара қызметінің әскери қызметшісі Ерғалиев Нұрбек қайтыс болды.
Сот-медициналық сараптау нәтижесі бойынша "кенеттен болған жүрек өлімі" анықталған.
Әскери қызметшінің өлім дерегіне қатысты тергеу органдары қылмыстық іс қозғады.
ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы әскери қызметшінің туғандары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, қаза тапқан адамның отбасына қажетті көмек беру шаралары қабылданып жатыр", - делінген хабарламада.