Атырау облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Экология департаментінің қызметкерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекеттік қызметкер заңда белгіленген тыйымға қарамастан, құмар ойындарға қатысқан. Ол қадағалау актісі негізінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін жұмыстан босатылған.
Сонымен қатар, Экология департаменті басшысының орынбасары және экологиялық бақылау бөлімінің 7 бас маманы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған (ӘҚБтК-нің 498-бабы "Құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерiн ұсынудан бас тарту, ұсынбау, уақтылы ұсынбау, жасыру, қосып жазу және басқа да бұрмалаушылықтар").
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!