Атырау облысы Мақат ауылында мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен төрт адам аман-есен табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Құтқарушылар шақырту түскен уақыттан бастап шұғыл түрде іздестіру-құтқару жұмыстарына кіріскен. Ауыл тұрғындары 18 ақпан күні сағат 08:00-де ауылдан 60 шақырым қашықта орналасқан қыстақтардың біріне қарай Тойота автокөлігімен мал іздеу мақсатында жолға шыққан. Төрт ересекпен бірге жас бала да болған.
Жоғалғандарды жаяу да, автокөлікпен де іздестірді. Сонымен қатар 19 қаңтарда сағат 14:00-де әуеден барлау жүргізу үшін ТЖМ тікұшағы тартылды.
"Абырой болғанда, іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталды. Сағат 14:40-та ТЖД күштерімен жоғалған адамдар елді-мекеннен 80 км қашықтықта аман-есен табылды. Анықталғандай, автокөліктері батпақты жерге батып, шыға алмай қалған. Зардап шеккендер жоқ. Табылған адамдар медициналық көмекті қажет етпеді", - делінген хабарламада.
Іздестіру - құтқару жұмыстарына Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен, АПБ, туыстарынан барлығы 18 адам 5 бірлік техника жұмылдырылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!