- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысында құтқарушы...
Атырау облысында құтқарушы үш метрлік шұңқырдан баланы шығарды
Атырау облысында құтқарушы үш метрлік шұңқырдан баланы шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиғаның мән-жайын ТЖМ жариялады.
Оқиға Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінде болған. №5 ӨСБ жүргізушісі Нұрлыбек Саламатов терең шұңқырға құлаған екі жасар қызға көмекке келді. Оқиға орнына әріптестерімен бірге келген Нұрлыбек Саламатов жанқиярлықпен және батылдықпен әрекет етті. Оның аяғын басқа құтқарушылар ұстап тұрды, ал ол бүлдіршінге жетіп, оны қауіпті аймақтан тез шығарып алды.
"Балаға медициналық көмек қажет емес. ТЖМ қызметкерлері мұндай қарапайым емес құтқару операцияларын жиі жүргізеді. Әр секунд маңызды болғандықтан, тез әрекет ету керек. ТЖМ ата-аналарға жауапкершілік туралы ескертеді, ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә