- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысында құрбысының...
Атырау облысында құрбысының атына 9 несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
Атырау облысында құрбысының атына 9 несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, Исатай ауданының 32 жастағы тұрғынының атына белгісіз адам 9 банктен несие рәсімдеген. Жәбірленуші банктер мен қаржылық ұйымдар тарапынан түскен толассыз қоңыраулардан соң өзінің 804 993 теңге көлемінде несиесі барын білген.
Тәртіп сақшылары осы дерек бойынша онлайн несие рәсімдеп, алаяқтық қылмыс жасаған 31 жастағы Исатай ауданының тұрғынын анықтап, ұстады.
Айта кетейік, тергеу барысында жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарын бұрын күдіктіге, яғни таныс құрбысына бергені анықталды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі 4-тармағымен соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова