Атырау облысында қорғаныс бөгеттері көп мөлшердегі суды төртінші күн бойы ұстап тұр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты кейбір елді мекендерді су басу қаупі әлі де сақталуда.
Өңірде жалпы ұзындығы 520 км-ден асатын су тасқынына қарсы бөгеттер салынды.
"Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингі деректері бойынша ағымдағы жылғы 11 мамырда сағат 09-00-дегі жағдай бойынша
Атырау - 533 см. Тәулігіне + 5 см.
Индербор ауданы 1026 см. Тәулігіне +12 см.
Махамбет ауданы 939 см. Тәулігіне +15 см.
Айта кетейік, Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидропостында су деңгейі шектік белгіден асып түсті. Су тасқыны жағдайы ҚР ТЖМ құтқарушыларының бақылауында.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз