Атырау – Индер облыстық маңызы бар тасжолының 17-шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды. Toyota Sienna мен "Нива" көліктері соқтығысып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Қатты соққы салдарынан "Нива" жүргізушісі алған жарақаттарынан жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмды. Ал Toyota Sienna отқа оранып, түгелдей өртеніп кетті.
Қазір полиция қайғылы оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
Әлеуметтік желіде жол апаты болған жерде көліктің өртеніп жатқан сәті түсірілген видео тарады.
Бұған дейін жаздың басында Астана маңында екі жол талғамайтын көлік соқтығысып, өртеніп кеткен еді. Апат салдарынан бес адам қаза тапқан.
Ақтөбе облысындағы республикалық маңызы бар тасжолда да ауыр жол апаты болған. Үш көлік соқтығысқаннан кейін олардың бірі отқа оранған. Оқиға орнында екі адам көз жұмып, тағы сегіз адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz