- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жантүршігерлік оқиға
Атырау облысында қасқыр адамға шапты
Атырау облысында қыста Елтай ауылынан 15 шақырым жердегі қыстауда қасқыр адамға шапты. Көмекке жүгіріп келген әріптестері ауыл тұрғынын ажал аузынан аман алып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Елтай ауылдық округінің әкімі Дулатбай Сәриевтің мәліметінше, жыртқыш ер адамға 19 желтоқсан күні таңертең шапқан. Абырой болғанда ол жалғыз болмаған.
"Олар қасқырды байлап, көлікке тиеп, ауылға әкелді. Ер адам ауруханада қаралды, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Біз өз тарапымыздан ветеринарлық қызметпен жұмыс жасадық. Мамандар қасқырды алып келген көлікті дезинфекциялады. Онда қасқырдың мәйіті арнайы орынға жеткізіліп, өртелді. Құтыру ауруына тексеруге жіберілді. Нәтижесін күтеміз", - деді Дулатбай Сәриев.
Ауыл әкімі қасқырлардың елді мекендерге сирек келетінін айтты. Олар аштықтан немесе аурудан адамдарға жақындауға мүмкін.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан