Атырау облысында қарақұрт қаптады

Атырау облысында қарақұрт қаптады. Улы жәндіктер аула ішінде, қоғамдық орындарда, тіпті саябақтарда да құжынап жүр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Әсіресе, қарақұрттан Индер ауданы тұрғындары қауіптеніп отыр. Өйткені кейінгі үш жылда бұл жәндік ауданда тым көбейіп кеткен. Тұрғындар малдан бұрын бала-шағаны шағып ала ма деп қорқады. Мәселен былтыр улы жәндік шаққан жүздеген төрт түлік арам қатқан. Тіпті адамдар да зиян шеккен көрінеді. Әйтеуір дер кезінде дәрігерге көрініп, аман қалған.

Индер ауданы әкімдігі өкілдері "қарақұртпен күреске бюджеттен қаражат қарастырылмаған" дейді. Өйткені бұл улы өрмекшілер зиянкестер қатарына жатпайды екен.

"Қазір қолданыстағы заңға сәйкес қарақұртпен күрес үшін бюджет есебінен қаражат бөлу мүмкіндігі қарастырылмаған. Алайда жергілікті атқарушы органның ұйымдастыруымен ошақтарын жою, дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Индер ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Айболат Сансызбаев.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!