- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысында жүргізуші...
Атырау облысында жүргізуші 59 жастағы мүгедекті қағып өлтірді
Атырау облысында жүргізуші 59 жастағы мүгедекті қағып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Atpress.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Мақат ауданы Доссор ауылында болған.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, оқиға 12 қыркүйекте сағат 20:50-де болған. Мақат аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне Доссор ауылдық ауруханасынан белгісіз біреудің жол апатына түсіп, қаза болғаны туралы хабар түскен.
"Жедел-іздестіру жұмыстары барысында Құлсары-Атырау тасжолында Доссор ауылындағы жанар-жағармай құю станциясында Toyota көлігінің 29 жастағы жүргізушісі 59 жастағы мүгедекті қағып кеткені анықталды. жол апатының салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген полиция хабарламасында.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек