Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы: марқұмдардың ұл-қызы да өлі табылды

Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы: марқұмдардың ұл-қызы да өлі табылды
Фото: ІІМ

Атырау облысында жоғалған отбасының ұл-қызы да өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, қала маңындағы Геолог шағынауданынан Жангелдин ауылының жоғалған тұрғындары - Наурыз және Мейрамгүл өлі табылған.

"Олар бұрын күдікті Сұлтан Сәрсемалиев әйелімен бірге жалдап тұрған үй ауласынан табылды. Кеше Сұлтан мен оның әйелі Ақбаян Алматыға жеткізілді. Алматыда Сұлтан Сәрсемалиев Наурыз бен Мейрамгүлді өлтіргенін мойындап, бұған дейін Геолог шағынауданында жалдап тұрған үйдің ауласына мәйіттерді көмгенін айтқан", - деп жазылған басылым дерегінде.

Осы ақпаратты алғаннан кейін Атырауда тергеушілер айтылған учаскені тағы да зерттеп, олардың денесін тапқан. Ал Атырау облысы Полиция департаменті ақпарат кейінірек берілетінін мәлімдеді.

Атырау облысында жоғалған отбасының ісі

Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен.

Атырау облысы ПД

6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.

Күдікті туралы

Сонымен қатар, Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. 

Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізді.

qamqor.gov.kz

24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Сондай-ақ, марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget