Атырау облысы Жангелдин ауылында жоғалғандарды іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кейінгі кезде әлеуметтік желіде түрлі ақпарат тарап жатыр, осыған байланысты өңір полициясынан қазіргі жағдайды сұрадық.
"Жедел іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Тергеу әрекеттері де әлі жүргізіліп жатыр", - деп жауап берді полиция.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен.
6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Олардың ұл-қызы әлі іздестіріліп жатыр.
8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.
Сонымен қатар, Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелген. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз