- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысында жүкті...
Атырау облысында жүкті әйел мінген жедел жәрдем көлігі лайға батып қалған
Атырау облысында екі дәрігер мен жүкті әйел мінген жедел жәрдем көлігі лайға батқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыс орталығынан 85 шақырым жердегі Исатай ауданында түнде екі дәрігер мен жүкті әйел мінген көлік лайға батып қалған.
Төтенше жағдайлар қызметіне көмекке екі құтқарушы мен бір жол қызметкері шықты. Екі дәрігер мен науқас құтқарылды.
"2 адам, "Болат жол" ЖШС-нің бір қызметкері және Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен бір техника жұмылдырылды. Аққыстау кентінен 16 шақырым жерде автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне сүйретіліп шығарылды, оның ішінде екі ЭМС бригадасының қызметкері мен жүкті науқас болған", - делінген құтқарушылар хабарламасында.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек