Атырау облысында жолға шыққан үш адам із-түзсіз жоғалып кетті

Атырау облысында жолға шыққан үш адам із-түзсіз жоғалып кетті
Фото: Атырау облыстық ПД

Атырау облысында "Toyota" маркалы автокөлігімен үш адам жолға шығып, түнге дейін оралмаған. Жоғалған адамдарды полицейлер тікұшақпен іздеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД Қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, іздестіру-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы жұмылдырылды. 

"9 қаңтарда сағат 11:00 шамасында "Toyota" маркалы автокөлігімен үш адам  (1984 ж.т., 1986 ж.т., 1996 ж.т.) Мақат ауданы, Доссор кентінен Қызылқоға ауданы, Қарабау ауылына қарай жолға шығып, түнге дейін оралмаған. Телефон байланысы да болмаған. Ертеңіне сағат 00:00-де жоғалған адамдардың туыстары Атырау облысы ТЖД аумақтық бөлімшесіне хабарласты", - делінген хабарламада.

Атырау облысы ТЖД күштері жоғалған адамдарды дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті.

10 қаңтарда сағат 13:26-да іздестіру-құтқару жұмыстарына бортында ТЖД 3 қызметкері, жоғалғандардың туыстары мен 5 экипаж мүшесі бар ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.  

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы