Атырау облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 4 адам жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
5 мамырда сағат 20:10 шамасында республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 64 шақырым тұсында Toyota автокөлігінің 1988 жылы туған жүргізушісі көліктің рөліне ие бола алмай, жол жиегіне аударылып кетті.
Оқиға салдарынан 4 адам аудандық ауруханаға жеткізіліп, көлік жүргізушісі мен 1962 жылы туған жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Аталған дерек бойынша қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!