- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысында жол...
Атырау облысында жол апатынан бес адам қаза болды
Атырау облысында жол апатынан бес адам қаза болды, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 маусымда сағат 16:00 шамасында болған.
"Республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 31-шақырымы тұсында Toyota Hiluxe және Hyundai Tucson автокөліктері соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Hyundai Tucson көлігінің 37 жастағы жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Toyota Hiluxe автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады департамент өкілдері.
Баспасөз қызметі жол апатына жолда жүру ережесін сақтамау себеп болғанын айтты. Қазір бұл оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Г. Досымшалова