Атырау облысында жоғалған отбасының екі мүшесін іздеу аяқталды ма? ТЖД жауап берді

Атырау облысы Жангелдин ауылында жоғалғандарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті өкілі бұған дейін тараған ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, жұмыс тоқтаған жоқ. Тек тиісті органдар белгілеген аумақтарда іздеу аяқталған.

"Іздестіру тоқтатылған жоқ. Департаменттің жеке құрамы күтіп отырмыз. Бұған дейін Полиция департаментінен ақпарат түскен кезде іздестіруді белгілі бір аумақта жүргіздік. Ол аумақтар қаралды. Қосымша ақпарат түссе, соған сәйкес іздестіру жұмыстарын жүргіземіз. Іздестіру тоқтатылды деген ақпаратқа келіспейміз", - деді Атырау облысы ТЖД бастығының орынбасары Ратбек Демеуберген.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметіне сүйенсек, 3-6-қаңтар аралығында Жангелдин ауылында жоғалғандардың үй-жайы, елді мекен айналасы, су көздері толық қаралған. 

Атырау облысында жоғалған отбасының ісі

Еске салайық, 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен.

Атырау облысы ПД

6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Олардың ұл-қызы әлі іздестіріліп жатыр.

8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.

Сонымен қатар, Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!