Атырау облысында жоғалған отбасы: марқұмдардың денесінде үшкір заттың жарақаты болған

Атыраудағы қанды қылмыс бойынша жаңа дерек белгілі болды. Күйеу балалары жалдап тұрған үй іргесінен өлі табылған Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалинаның денесінде үшкір заттың жарақаты болған. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі astanatv-ға сілтеме жасап. 

Полицияның мәліметінше, жарақат көзге көрініп тұр. Алайда өлімге нақты не себеп болғаны сараптамадан соң белгілі болады.

"Мүрделерде үшкір заттан жарақат бар, көрдік. Көзге көрініп тұрған. Алайда ол неден болғанын сараптамадан соң білеміз. Тергеу біткеннен кейін нақты жауап береміз", - деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Құттыбай Садықов.

Айта кетейік, бұған дейін Атыраудағы үй ауласын тексеру барысында хабар-ошарсыз кеткен ұл мен қыздың сүйегі табылды. 11 наурызда Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабилинаны жерлеу рәсімі өтті.

Атырау облысында жоғалған отбасының ісі

Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуіне де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды.

Атырау облысы ПД

6 қаңтарда ерлі-зайыпты сарайдың ішінен өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Осыдан кейін іс адам өлтіру дерегі бойынша қайта сараланып, марқұмдардың балаларын іздеу жұмыстары жалғасты.

Күдікті туралы

Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамға, яғни осы отбасының бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды. Онымен бірге ерлі-зайыптының кіші қызына да халықаралық іздеу жарияланды. Бұрын ол күдіктімен некеде тұрған.

Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысы Полиция департаменті жүргізді.

qamqor.gov.kz

24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні және марқұмдардың кіші қызын Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!