11 наурызда Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабилинаны жерлеу рәсімі өтті. Ұзақ уақытқа созылған іздеу жұмыстарынан кейін олардың сүйегі Атыраудан табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жерлеу рәсімі Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында өтті. Қаралы жиынға ауыл тұрғындарының барлығы дерлік жиналған.
"Олардың жан баласына зияны жоқ еді. Ата-анасының жанына жерленді", - деді туыстарының бірі.
Айта кетейік, бұған дейін Атыраудағы үй ауласын тексеру барысында хабар-ошарсыз кеткен ұл мен қыздың сүйегі табылды.
Атырау облысында жоғалған отбасының ісі
Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуіне де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды.
Атырау облысы ПД
6 қаңтарда ерлі-зайыпты сарайдың ішінен өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Осыдан кейін іс адам өлтіру дерегі бойынша қайта сараланып, марқұмдардың балаларын іздеу жұмыстары жалғасты.
Күдікті туралы
Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамға, яғни осы отбасының бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды. Онымен бірге ерлі-зайыптының кіші қызына да халықаралық іздеу жарияланды. Бұрын ол күдіктімен некеде тұрған.
Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізді.
24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні және марқұмдардың кіші қызын Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова
qamqor.gov.kz