24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Сондай-ақ, марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды. Индонезия полициясы күдіктілер ұсталғанда қандай құжаттар тәркіленгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күдіктілер 24 ақпанда Сенару ауылындағы қонақүйде ұсталған.
Басылым дерегінше, тергеушілер одан бірқатар затты тәркілеген. Оның ішінде, төлқұжат, ұялы телефондар, жеке куәліктер, халықаралық банк карталары мен басқа да жеке құжаттар бар.
Атырау облысында жоғалған отбасының ісі
Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен.
Атырау облысы ПД
6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.
Күдікті туралы
Сонымен қатар, Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны.
Күдікті Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізеді.
24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Сондай-ақ, марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды. Кейін күдікті Индонезияда ұсталған сәттің видеосы жарияланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Massaget.kz
qamqor.gov.kz