Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында жұмбақ жағдайда көз жұмған ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Қаралы жиынға марқұмдардың туыстары, көршілері және ауыл тұрғындары жиналған.
Әкімдік мәліметінше, жерлеу рәсімін қаза тапқандардың туыстары ұйымдастырған.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына қала тұрғынынан ағасы мен оның отбасы бір айдан аса уақыттан бері хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз түскен.
6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Олардың ұл-қызы әлі іздестіріліп жатыр.
"Бұл дерек бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер анықталды. Қазір оларды іздеу және ұстау мақсатында құқық қорғау органдары жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр", - деді бұған дейін полиция.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!