Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атырау облысы Жангелдин ауылында жоғалып, кейін ажал құшқан отбасының ісіне қатысты жаңа мәліметті бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Санжар Әділовтің айтуынша, бұл іс бойынша екі күдікті бар, бірі - күдіктінің жұбайы әрі қаза тапқандардың қызы Ақбаян Мұқанғалиева. Ол сараптама жүргізу үшін психиатриялық ауруханаға жатқызылған.
"Қазір тергеу жүргізіліп, қажет іс-шаралар атқарылып жатыр. Жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр", - деді ол.
ІІМ өкілінің сөзінше, қазір Ақбаян Мұқанғалиеваға кешенді сот-психолого-психиатриялық сараптама жүргізіліп жатыр.
"Ол да күдікті деп танылды. Психиатриялық ауруханаға орналастырылды. Стационарлық кешенді тексеріс, сот-психолого-психиатриялық сараптама жүргізіліп жатыр", - деді министрдің орынбасары.
Ол бұл істе әзірге жаңа күдіктілер жоқ екенін де нақтылады.
Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуіне де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды:
Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды.
6 қаңтарда ерлі-зайыпты сарайдың ішінен өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Осыдан кейін іс адам өлтіру дерегі бойынша қайта сараланып, марқұмдардың балаларын іздеу жұмыстары жалғасты. Кейін олар да өлі табылды.
Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамға, яғни осы отбасының бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды. Онымен бірге ерлі-зайыптының кіші қызына да халықаралық іздеу жарияланды. Бұрын ол күдіктімен некеде тұрған.
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысы Полиция департаменті жүргізді.
24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні және марқұмдардың кіші қызын Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды.
Кейінірек ІІМ баспасөз қызметі күдікті Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады:
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!