Атырау облысында жоғалған баланың денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress басылымына сілтеме жасап.
Көктоғай ауылында Жайық өзенінен суға батып кеткен баланың денесі шығарылды.
Құтқарушылар оны үш күн бойы іздеген болатын. Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға 5 шілдеде болған. 2011 жылы туған бала суға түсуге тыйым салынған жерде шомылған.
Департаменттің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл ауылда Жайық өзенінің тереңдігі 16, ені 200 метр болады.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында суға батқан жасөспірім 3 күннен кейін табылғаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!