- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Атырау облысында Желі...
Атырау облысында Желі қолданушысын балағаттаған тұрғынның ісі сотқа жеткен
Атырау облысында Желі қолданушысын балағаттаған тұрғынның ісі сотқа жеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі atpress.kz-ке сілтеме жасап.
Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі мәліметінше, сот отырысы басталғанға дейін тараптар татуласқан. Сотта адамды балағаттау бойынша, яғни басқа біреудің ар-намысы мен қадір-қасиетін телекоммуникация желілерін пайдалана отырып қорлады деген айып бойынша қозғалған қылмыстық іс татуласумен аяқталған.
"Сотта ауданның 40 жастағы тұрғыны Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасы арқылы басқа азаматқа ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін сөздер жазғаны анықталды. Қылмыстық кодекстің 131-бабы 2-бөлігінің санкциясы 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы жазалауды көздейді", - делінген хабарламада.
Алайда сот талқылауы басталғанға дейін тараптар істі тоқтатуды сұраған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова