Атырау облысы Махамбет ауданында Жайық суы бір түнде басқа түске енген. Бұрын-соңды мұндайды көрмеген ауыл тұрғындары аң-таң, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Бұл құбылысты тұрғындар кеше байқапты. Жайық суы жасыл түске боялғанын балықшылар да растап отыр. Себебі аулаған балықтың өзінде жасыл рең болған.
Ал экологтар мен су мамандары өзеннің түсі бұзылған тұстан сынама алған. Алайда олар бұл балдырдың гүлдеуінен болады деген болжам айтып отыр.
"Сынама алынып, зертханаға зерттеуге жіберілген. Мұндай жағдай 2023 жылы да болған. Сол кезде де ешқандай қалыптан шығу дерегі анықталмаған", - дейді Атырау облысы Экология департаментінің бас маманы Темірлан Болатұлы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!