Атырау облысында жасөспірім мопедпен жол апатына түскен: сот не шешті?

Атырау облысында жасөспірім мопедпен жол апатына түскен: сот не шешті?
Фото: Midjourney

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген мүліктік залалды өндіру туралы азаматтық іс қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Атырау қаласындағы көшелер қиылысында Toyota RAV4 маркалы көлік құралы және кәмелетке толмаған жасөспірім "Samurai" маркалы мопедімен жол апатына түскен. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан талап қоюшыға мүліктік залал келтірілген.
Талап қоюшы 790 014 теңге көлемінде келтірілген мүліктік залалды жауапкер - кәмелетке толмағанның заңды өкілінен өндіру талабымен сотқа жүгінген.

Татуластыру рәсімдерін жүргізу нәтижесінде тараптар келісімге келіп, соттан тараптар арасында жасақталған медиациялық келісімді бекітуді сұрады.

Келісімшарттарына сәйкес кәмелетке толмағанның заңды өкілі медициялық келісімге қол қойылған уақытта талап қоюшыға 600 000 теңгені төлеуге міндеттенді, талап қоюшы талабынан бас тартты.

Сот ұйғарымымен медиациялық келісім бекітіліп, іс өндірістен қысқартылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина