Атырау облысында жасөспірім кісі қолынан қаза тапқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға 3 шілдеде Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында болды. Кісі қолынан қаза тапқан 17 жастағы жасөспірім жақында мектеп бітірген.
"Жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 2005 жылы туған", - деп жазылған хабарламада.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында жоғалған баланың денесі табылғаны хабарланды.
Көктоғай ауылында Жайық өзенінен суға батып кеткен баланың денесі шығарылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!