Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, 4 ақпанда сағат 15:30 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 873 шақырым тұсында 1958 ж.т. Volvo маркалы жүк көлігінің жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан Mitsubishi Outlander автокөлігіне соқтығысқан.
Салдарынан Mitsubishi Outlander автокөлігі өртке оранып, 1964 жылы туған жүргізушісі мен 1965 жылы туған жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!