Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты: төрт адам қайтыс болды

Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты: төрт адам қайтыс болды

Ақтөбе-Атырау-Астрахань тасжолында жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам қайтыс болды. Тағы үш адам зардап шеккен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "МОЙ Город" басылымына сілтеме жасап. 

Жол апаты 28 ақпанда таңғы 08:00 шамасында Ақтөбе -Атырау-Астрахань тасжолының 492-шақырымында болған. ІІМ мәліметінше, Toyota Ipsum жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы жолға шығып, жүк көлігіне соғылған. 

Салдарынан төрт адам оқиға орнында қайтыс болып, тағы үш адам түрлі жарақат алып, Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина