- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жол апаты
Атырау облысында жантүршігерлік жол апаты болды: қаза тапқандар бар
Атырау облысында жол апаты болып, 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 26 қазан күні болған. Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Атырау-Орал тасжолында 4:00 шамасында Ресей елінде тіркелген Daewoo Nexia автокөлігін тоқтатып, жол жүрісі ережесінің талаптарын бұзғаны үшін жүргізушісіне хаттама толтырған және түнгі уақытта сақтық шараларына мұқият болу керектігін ескерткен.
Алайда ескертулерге қарамастан, таңғы сағат 06:00 шамасында Атырау-Орал тасжолында Daewoo Nexia автокөлігінің 38 жастағы жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай қарама-қарсы бағытта келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Daewoo Nexia көлігінің жүргізушісі мен 3 жолаушы оқиға орнында көз жұмды, көлік толықтай отқа оранды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Құрметті жол қозғалысының қатысушылары! Жол қателіктерді кешірмейді! Өзіңіздің және өзгелердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмей, алыс сапарларға түнгі мезгілде шықпауларыңызды және шаршаңқы күйде көлік басқармауларыңызды сұраймыз! Жол қозғалысы ережелерін сақтаңыздар!", - дейді облыстық полицейлер.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина