Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында есірткі таратумен айналысқан күдіктіні қылмыс үстінде ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
24 жастағы күдіктінің жалдамалы пәтерін тексеру барысында салмағы 100 грамм, яғни 200 дозаны құрайтын мефедрон есірткі заты тәркіленді.
Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!