Атырау облысында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді. Оқиға Мақат ауданы Доссор ауылында болды, зардап шеккен адамның денесің 70 пайызы күйіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, оқиға 13 қаңтар күні сағат 16:45 шамасында болған.
"Мақат аудандық полиция бөлімінің 102-каналына Доссор ауылындағы тұрғын үйлердің бірінің жанында 1961 жылы туған аудан тұрғыны өзін-өзі өртеп жібергені туралы хабарлама келіп түсті. Бұл азаматтың денесінің 70 пайызы күйіп, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!