Атырау облысында ер адам мал іздеймін деп өзі де жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мақат ауданында жоғалған адам табылды.
"1984 жылы туған адам 16 наурызда сағат 06:00-де көлікпен Аязби қыстауына қарай мал іздеуге шығып, қайтып оралмағаны туралы қоңырау түсті. Бүгін сағат 07:45-те жоғалған адам Мақат ауылынан 80 шақырым жерде Алабие қыстағында табылды", - деп жазылған министрлік хабарламасында.
Жоғалған азамат жылқыны тасымалдап бара жатқанда балшықта қалып қойған.
Іздеуге Атырау облысы ТЖД мен туыстары арасынан 7 адам мен 2 техника жұмылдырылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!