Атырау облысында ер адам құдыққа құлап көз жұмды

Атырау облысында ер адам құдыққа құлап көз жұмды
Фото: depositphotos.com

Атырау облысында тосын оқиға болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Ақ Жайық" мәліметінше, Жаңа Қаратон ауылында ер адам құдыққа құлап көз жұмған. Оқиға 26 сәуірде Жылыой ауданында болған.

"1981 жылғы ер адам кәріз құдығының ішіне абайсызда түсіп кетіп, қайтыс болды. Полиция сараптама тағайындап, тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда NCOC қызметкері өлі табылғаны хабарланды.

29 сәуірде Атырауда өз үйінен 45 жастағы Бибігүл Шпанова өлі табылды. Оның мұнай-газ саласында 20 жылдан аса тәжірибесі бар, NCOC компаниясының бөлім басшысы да болған. Полиция мәліметтері бойынша әйелдің денесінен пышақ жарақаттары анықталған, ал пәтеріндегі сейф ашылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget